Новости Казахстана14 июня 2023, 6:20

Абай облысында орман өртінен өлген жабайы жануарлардың саны белгісіз - министрлік

Абай облысындағы орман өрті кезінде өлген дала жануарлары туралы Экология министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Семейдегі орман өрті салдарынан табиғатқа айтарлықтай залал келген. 

Қазіргі уақытта Абай облысындағы өрт салдарынан жабайы жануарлардың қырылуы туралы нақты ақпарат жоқ. Табиғаттың биоалуантүрлілігіне келтірілген залалды бағалау жұмыстары өрт толығымен сөндірілген кезде ғана жүргізіледі. Жалпы орман популяциясының жағдайы туралы мәлімет өртке қарсы шаралар аяқталғаннан кейін, орман өртінің салдарына тиісті бағалау жұмыстары жүргізілген соң берілетін болады, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта. 

Абай облысында бірнеше күннен бері жанып жатқан орман өрті салдарынан 15 адам қайтыс болған еді. Тілсіз жаудың өрши түсуінен өңірдегі үш ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге уақытша көшірілді. 

Орман шаруашылығында жұмыс істейтін 14 адам байланыстан ажырап қалып, кейін мәйіті табылды. Сондай-ақ, жоғалып кеткен тракторшының денесі іздестіру кезінде орман арасынан шықты. 

Абай облысы Өрт Аң

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!