Новости Казахстана3 июля 2023, 19:25

Абай облысында 10 тонна битум өртеніп кетті

Абай облысындағы Ақсуат ауданының Шыбынды ауылында асфальт зауытында битум жанып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері бірден жетіп, зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатқанын анықтаған.  Битумның жалпы көлемі 10 тоннаны құрады.

Өртті көбікпен сөндіруге кіріскен өрт сөндірушілер жарты сағат ішінде толық ауыздықтап болды. Оқыс оқиғадан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. 

Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін ескертіп отыр. 

 

Абай облысы Битум Өрт

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!