Новости Казахстана29 августа 2023, 9:10

70 жастағы қария сабаққа баратын болды — ШҚО

70 жастағы сотталған азамат Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемесінде партаға отырып білім алатын болды, - деп хабарлайды, - Arbat.media.

 Биыл бұл өңірде түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 240 адам қыркүйекте алгебра, геометрия, физика пәндерін оқиды.

№18 түзету мекемесінде 49 оқушы бар. Оның ішінде ең кішісі 20 жаста, ал жасы келгені 70-те. Бәрі орта білім туралы аттестат алғысы келеді, - делінген ШҚО ҚАЖ департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сотталғандардың бірі өмірінде небәрі 8 сыныпты аяқтаған. Қазір ол ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Бір жылын түрмеде өткізген ол енді жет жылдан кейін түрмеден шығады. Сол кезде қолында аттестат болғанын қалайды.

«Колонияға түсетіндердің көбі мектепті аяқтап үлгермеген. Сол үшін оларға осындай мүмкіндік жасалып отыр. Бұл сотталғандардың білім алып, ертең бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға оңай бейімделуіне мүмкіндік береді», - дейді аталған түзету мекемесі бастығының орынбасары Қадірхан Хамзин.

Кейбір түрмелерде мектептерден бөлек колледж де бар: №16, 17, 18 және 22 мекемелерде арнаулы білім алуға болады.

ШҚО түрме қария Білім беру

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!