Новости Казахстана1 марта 2023, 18:57

«5:32» сериалын түсіргенде авторлық құқық бойынша өткен сотта жеңілді

"5:32" сериалын түсірушілерді сотқа берген Асқар Жалдиновтің өзінің авторлық құқығын заң алдында дәлелдеп шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қаласы сотының баспасөз қызметінің мәлімет бойынша "Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстар құпиясы" кітабының авторы Асқар Жалдинов веб-сериалға сценарий жазу кезінде оның кітабын пайдалану дерегі болғанына шағым білдірген. Автор көпшілік алдында тануға мәжбүрлеу және 15 000 АЕК мөлшерінде авторлық құқықты бұзғаны үшін өтемақы және 3 млн теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот жауапкерлердің веб-сериал сценарийі талап қоюшының кітабында көрсетілген оқиғаларға сүйеніп жазылғанын анықтады. Жауапкерлер бұл фактіні жоққа шығармай, талапкердің кітабы елімізде әртүрлі уақыт аралығында болған нақты қылмыстарға негізделгенін алға тартып, ҚР ҚК 974-бабының талаптарына сәйкес авторлық құқықтың бұзылуын мойындамады. ҚР Азаматтық кодексі бойынша ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер авторлық құқық объектісі болып саналмайтынын және талапкер оларды монополиялай алмайтынын уәж етті. Осыған байланысты олар соттан талап арызды толығымен қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Сот тараптардың барлық уәждерін мұқият талдап, куәларды тыңдаған.  Талапкер ҚР АПК 72-бабына сәйкес жауапкерлердің өзіне тиесілі құқықтарды заңсыз пайдалану фактісін жеткілікті дәрежеде дәлелдеді. Жауапқа тартылған тарап авторлық құқық нысанына қатысты жасаған әрекеттерінің заң талаптарына сәйкес келетіндігін және автордың құқығын бұзбағандығын дәлелдей алмады.

Жауапкерлерден талапкер пайдасына 1 000 АЕК көлемінде өтемақы және 1 млн теңге моральдық залал, сонымен қатар сот шығындары өндірілді. Ал, талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Естеріңізде болса, кітап авторы А.Жалдинов өткен жылы аталған сериалды түсіруші топты сотқа берген болатын. 

 

Асқар Жалдинов 5:32 сот Арыз

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!