24 жыл бойы қашып жүрген Ресей азаматы Ақтөбеде ұсталды
Ақтөбеде ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы қашып жүрген адам ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады.
Ол 1999 жылдың күзінде Орынборда адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу үшін үш азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтіріп, мәйітін өртеп, көміп тастаған. Ол қазір тергеу изоляторына қамалды. Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Поделиться
Читать Arbat media в