Жерге үлкен астероид құлауы мүмкін
Жерге алып астероид 159 жылдан кейін құлауы мүмкін деген болжам жасап отыр NASA ғалымдары, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы New York Post басылымы жариялады.
Астероид Жердің Техас штатындағыдай аумақты жоюы мүмкін деп пайымдайды ғалымдар.
Жерге жақын нысан Бенну – Жер орбитасына шамамен әр алты жыл сайын шығады. Ғарыш агенттігінің бақылауына ол 1999 жылы алғаш рет анықталғаннан бері алынған.
Бенну Жерге 1999, 2005 және 2011 жылдары жақындаған. 2135 жылдың 25 қыркүйегінде Бенну Жердің жанынан ұшып өтеді және NASA мәліметінше, оның 2182 жылы, яғни содан 159 жылдан кейін Жермен соқтығысу мүмкіндігі шамалы.
OSIRIS-REx ғылыми тобының мақаласында 2182 жылдың 24 қыркүйегінде Беннуның Жермен соқтығысу ықтималдығы бар болғаны 0,037%.
Earth.com сайтының мәліметінше, астероидтың соғуы жер бетінің үлкен аумағын жойып, шамамен 22 атом бомбасының энергиясын шығаруы мүмкін.