Владимир Зеленский: Бізде хэппи-энд болмайды ...
«Біз елді деоккупациялауымыз керек, бұл тек елге ғана емес, адамдарға да қатысты, өйткені мұздатылған соғыс бейбітшілік емес», - деді Украина президенті Владимир Зеленский америкалық CNN телеарнасына берген сұхбатында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Зеленскийдің айтуынша:
Жалпы барлығы Украинаның жеңісін қалайтынына қарамастан, "соғыс хэппи-эндпен аяқталатын фильм емес. Бізде хэппи-энд болмайды. Біз көптеген адамнан айырылдық.
Украинаның жеңісі - оккупацияны жоюға әкелетін жалғыз нәрсе.
Владимир Зеленский Батыс елдері мен АҚШ-ты Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыруға, оның ішінде алыс қашықтықтағы АТАКМС зымырандарын Киевке беруді жалғастыруға шақырды.
Поделиться
Читать Arbat media в