Placeholder
Мир22 сентября 2023, 8:20

Үндістан Канада азаматтарына виза беруді тоқтатты

Үндістан Канада азаматтарына виза беруді белгісіз мерзімге тоқтатты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Анадолы агенттігі жариялады.

Канадада «Халистанды босату күштері» (KLF) сикх сепаратистік ұйымының жетекшісі Хардип Сингх Ниджар өлтірілгеннен кейін екі ел қарым-қатынасының нашарлауына байланысты осындай шешім қабылданды.  

Аталмыш шешім туралы Канаданың виза орталықтарын басқаратын BLS International Services компаниясының сайтында жазылған. Виза беру 2023 жылдың 21 қыркүйегінен бастап «келесі бұйрық түскенше» тоқтатылады.

Үндістан билігінің өкілі жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында бұл ақпаратты растады.

Дегенмен Нью-Дели бұл қадамға қатысты пікір білдірмеді.

Үндістан Жанжал Канада виза

Новости по теме