Мир31 августа 2023, 16:02

Ұлыбританияның қорғаныс министрі отставкаға кетті

Бен Уоллес төрт жыл Ұлыбританияның қорғаныс министрі болғаннан кейін «өмірінің басқа салаларына уақыт бөлгісі келетінін» айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.  

Ол Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакты қорғаныс шығындарын ұлғайту науқанын жалғастыруға шақырды.

Отставканы қабылдаған Сунак Уоллеске қорғаныс басшысы ретінде көрсеткен «адалдығы мен шеберлігі» үшін алғыс айтты.

Осыдан бұрын «Украинская правда» Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников те жақын арада қызметінен кететінін жазған: басылымның дереккөздері оның Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Айта кетсек, Грант Шэппс Ұлыбританияның жаңа қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол энергетика және көміртегі бейтараптығы департаментін басқарған.

Бен Уоллес Ұлыбритания отставка Қорғаныс министрі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!