Мир6 сентября 2023, 18:20

Украинадағы алғашқы Challenger танкі жойылды

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Украинадағы алғашқы Challenger танкі жойылғанын растады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Sky News-ке берген сұхбатында Грант Шеппс Challenger 2 танкін ресейлік артиллерия қиратқанын, экипаждың алты мүшесінің барлығы аман қалғанын айтты.

Ұлыбританияның қорғаныс министрі оның елі Украинаға зақымдалған танктің орнына жаңа танк бермейтінін де айтты.

Жыл басында Лондон Киевке 30-ға жуық Challenger 2 танктерін жеткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Наурызда Украинаның сол кездегі қорғаныс министрі Алексей Резников әлеуметтік желілерде осы үлгідегі алғашқы алынған танктердің бірі бар суретін жариялап, оны «фантастикалық машина» деп атаған болатын. 

Challenger Украина Грант Шеппс Ұлыбритания

Новости по теме