Placeholder
Фото: Alexei Alexandrov/AP Photo/picture alliance
Мир14 сентября 2023, 16:40

Украина СІМ: Қытайлық әнші Мариупольге не үшін барды?

Украина СІМ өкілі қытайлық әншінің Мариупольде концерт қойғанына наразы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Олег Николенко Facebook парақшасында былай деп азды: 

«Қытайлық «опера әншісі» Ван Фанның «Катюша» әнімен Мариупольдегі орыс әскері 600-ден астам жазықсыз адамды өлтірген драма театрының қирандыларында өнер көрсетуі — толық моральдық деградацияның үлгісі болып табылады.

Олег Николенко Украина Қытайдан Ресей Федерациясы басып алған аумақта өз азаматтарының болуы туралы түсініктеме күтетінін айтты.

Бұл арада Қытайдың өзінде бұл сапар туралы мемлекеттік ақпарат құралдары да хабарламаған екен. 

Ван Фан елге онша танымал әнші емес, бірақ оның Қытай әлеуметтік желілеріндегі өнерінің жазбасын Sputnik ресейлік мемлекеттік БАҚ жариялағған екен,

Содан кейін ғана ол миллиондаған репост жинапты. 

Сондай-ақ Ван Фанның күйеуі, Қытай үкіметі жанындағы консультативтік кеңестің қызметкері әншінің Мариупольге арнайы шақырылғанын айтты.

Мариуполь концерт Катюша қытайлық әнші

Новости по теме