Мир2 сентября 2023, 9:10

Украина PepsiCo мен Mars-ты «соғысты демеушілер» тізіміне енгізді

Украинаның Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ұлттық агенттігі PepsiCo мен Mars Ресей Федерациясында жұмыс істеп, ел бюджетіне салық төлеп, сол арқылы агрессор мемлекеттің экономикасына қолдау көрсетіп келеді деп мәлімдейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылы PepsiCo ресейлік еншілес кәсіпорнының кірісі 2,59 миллиард долларға дейін өсіп, оның 115 миллион доллардан астамы салық түрінде төленді, дейді Украинаның Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ұлттық агенттігі.

Mars-тың Ресейдегі кірісі де өскен және компания елдегі бизнесті қысқартуға уәде бергенімен, Ресейге 93 миллион доллардан астам салық төледі.

Сонымен қатар, 2022 жылдың наурыз айында PepsiCo Ресей Федерациясында 7Up және Mirinda сусындарының өндірісін тоқтатқанын жариялағанымен, сол жылдың тамыз айында компанияның елдегі зауыттары оларды Evervess және Frustyle атауларымен ауыстыра бастаған.

Айта кетсек, украиналық «соғысты демеушілерінің» тізіміне 40-қа жуық компания кіреді, олардың ішінде Procter & Gamble, Metro Cash & Carry, Yves Rocher, Raiffeisen Bank International, Xiaomi, Mondelez, Unilever, Bacardi және Alibaba (AliExpress маркетплейсінің иесі).

 

Украина НАЗК PepsiCo Mars

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!