Мир19 сентября 2023, 17:15

Таулы Қарабақта атысып жатыр деген хабар тарады

Таулы Қарабақта атысып жатыр деген хабар тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әзірбайжан «жергілікті сипаттағы лаңкестікке қарсы шараларды» жариялады.

«Кең ауқымды арандатушылықтарды басу», «армян қарулы күштерін Әзірбайжан территорияларынан қарусыздандыру және шығару» және әскери инфрақұрылымды «бейтараптандыру» мақсатында.

Баку бұл туралы ресейлік бітімгершілік контингентіне хабарлағанын алға тартады.

Таулы Қарабақта артиллериялық атқылау, ал Степанакертте әуе шабуылы дабылы естіледі.

Армения Қорғаныс министрлігі жергілікті сағат 14:00-дегі жағдай бойынша шекарадағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақты деп хабарлады.

 

Таулы Қарабақ Атыс Армения Әзірбайжан

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!