Ташкентте болған жарылыс пен өрттен 163 адам зардап шекті
Ташкенттегі қоймада болған жарылыс пен өрттен 163 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаторлық көмек көрсетілген.
Терезе жақтауынан ұшқан әйнектен бір жасөспірім мерт болды, деп хабарлады министрлік.
Түнде халықаралық әуежай маңындағы кеден қоймасында күшті жарылыс болды.
Кейбір мәліметтер бойынша, ол жерде көліктердің аккумуляторы сақталған.
Жарылыс толқынын тұрғындар эпицентрден 30 шақырым жерде сезген.
Поделиться
Читать Arbat media в