Мир1 октября 2023, 17:00

Словакия экс-премьер министрінің партиясы сайлауда жеңіске жетті

Словакияның бұрынғы премьер-министрі Роберт Фицо жетекшілік ететін «Бағыт – әлеуметтік демократия» партиясы елдің Ұлттық кеңесінде (бір палаталы парламент) сенбі күні өткен сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша жеңіске жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы 98,13% дауыс беру учаскесінің деректерін өңдеген елдің Статистика басқармасы мәлім етті.

Экс-премьер партиясы сайлаушылардың 23,42% қолдауына ие болған.

Одан кейінгі орында 16,75% дауыс жинаған «Озық Словакия» қозғалысы.

Үшінші қатарды бұрынғы премьер Петер Пеллегринидің «Дауыс – әлеуметтік демократия» партиясы иеленді. Оларды сайлаушылардың 15,07% қолдаған.

Кеше оппозициялық социал-демократтар алда келеді деп жазған болатынбыз

Словакия сайлау Роберт Фицо

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!