Мир1 сентября 2023, 9:00

Сауд Арабиясында зейнеткер твиттер үшін өлім жазасына кесілді

Сауд Арабиясында 54 жастағы зейнеткер, ұстаз Мұхаммед әл-Гамдиді әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы үшін өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сот әл-Гамдиді өзінің Twitter және YouTube желісіндегі сөздеріне сүйене отырып, билікке қарсы сөз байласып, мемлекеттік институттарға нұқсан келтіргені, яғни тек бейбіт пікірін білдіргені үшін  ғана кінәлі деп таныды, деп жазады адам құқықтарын қорғау ұйымы Human Rights Watch.

Сот шешімін Сауд Арабиясының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты шығарған. Сотталушының кінәсінің дәлелі ретінде оның твиттерін, ретвиттерін, сондай-ақ YouTube желісіндегі белсенділігін көрсеткен.

Ұйымның мәліметінше, сотталған адам Ұлыбританияда қуғында тұратын Сауд Арабиясындағы белгілі ислам ғұламасы және Саид бен Насер үкіметін сынаушы әл-Гамдидің ағасы, деп жазады Human Rights Watch.

Әл-Гамдидің айтуынша, туысына кесілген өлім жазасы оны елге қайтару жөніндегі биліктің сәтсіз әрекеттерінен кейін жеке басынан өш алу мақсатымен шығарылған.

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!