Рим Папасы украин халқын шейіттер деп атады
Рим папасы украин халқын шейіттер деп атап, жанжалға мүдделілерді ар-ұжданын тыңдауға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Рим Папасы Франциск Жаңа жыл қарсаңындағы жексенбі дұғасында соғыстан зардап шеккендерді дұға етуге шақырды.
Ол «шейіт болған украин халқын, палестиналықтарды, израильдіктерді, судандықтарды», сондай-ақ рохинджаларды атап өтті.
Рим папасы Рождество қарсаңында 140-тан астам адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған Нигериядағы зорлық-зомбылық құрбандарын және Либерияда жанармай құюшы автоцистернаның жарылысынан қаза тапқандарды еске алды.
Поделиться
Читать Arbat media в