Ресейліктердің экспедиция катамаранын акулалар суға батырып жіберді
Дүниежүзі бойынша экспедицияда жүрген Russian Ocean Way катамаранын акулалар суға батырып жіберді.
Бірінші шабуыл Тынық мұхитта 4 қыркүйекте катамаран баллондарының бірі зақымданған кезде жасалған.
5 қыркүйек күні кешке акулалар тағы да шабуылдап, катамаран суға бата бастаған кезде экипаж апат белгісін беруге мәжбүр болған.
Қазір ресейліктер Аустралияның Брисбен қаласына апаратын құтқару кемесінде.
Russian Ocean Way әлем бойынша экспедициясы 2021 жылдың шілдесінде басталған.
Поделиться
Читать Arbat media в