Мир4 сентября 2023, 16:29

Ресейлік хакерлер Украина әскерилерінің телефонына шабуыл жасады

Ресейлік хакерлер украиналық әскерилердің Android жүйесіндегі телефонына шабуыл жасады, деп мәлімделді Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің күнделікті есебінде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шабуылды Infamous Chisel зиянды бағдарламасы арқылы Ресей қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасымен байланысы бар Sandworm хакерлер тобы жасаған.

Хакерлер құпия әскери ақпаратқа, соның ішінде қарулы күштер пайдаланатын көздегіш қосымшаға қол жеткізуі мүмкін, деп санайды  Ұлыбританияның Ұлттық киберқауіпсіздік орталығы сарапшылары.

«Бұл әрекет Ресей Украинаға басып кіруді қолдау үшін кибер мүмкіндіктерді  пайдалануды жалғастырып жатқанын көрсетеді», - делінген Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі.

кибершабуыл хакер Ұлыбритания Украина

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!