Мир29 августа 2023, 11:37

Ресейлік Литвада туған тоғыз айлық қызын Ресейге ұрлап алып кеткен

Ер адам жаңа туған қызын анасынан тартып алып, Литвадан Ресейге алып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.  

 Клайпеда ауданының 27 жастағы тұрғыны, келіншек тоғыз айлық қызының әкесімен келісілген уақытта кездесуден кейін баласын қайтармаған соң, полицияға жүгінген.

Сәбидің ата-анасы бірге тұрмаған, ер адам қызды өте сирек көрген.

Тәртіп сақшылары сол күні ол сәбиімен бірге резеңке қайықпен Северная (Скирвите) өзенінің бойымен ағып жатқан Литва мен Ресей шекарасын кесіп өткенін анықтады.

Сондай-ақ қыздың әкесінің Ресей де, Литва да азаматтығы бар екені белгілі болды. Шекарадан өткен кезде оны ресейлік шекарашылар ұстап алды.

Енді ресейлік шекараны заңсыз кесіп өту ісі бойынша айыпталушыға айналды, ал ресейлік тарап оны Литва тарапына беруден бас тартты.

Дағдарысқа қарсы ұлттық орталықтың қызметкерлері келіссөздер арқылы баланы анасына қайтара алмаса, Литва Сыртқы істер министрлігі, Әділет министрлігі және Әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске қосылады деп күтілуде.

бала ұрлау Литва Ресей азаматы шекараны заңсыз кесу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!