Мир15 сентября 2023, 9:00

Ресейде WhatsApp-ты бұғаттау туралы айтылып жатыр

Ресейде WhatsApp-ты бұғаттау туралы айтылып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бірнеше сенаторлар мен депутаттар WhatsApp Telegram-ға ұқсас арналардың пайда болғанын жариялағанына наразылық танытып жатыр.

Мемлекеттік Думаның депутаты Антон Горелкин билік «егер мессенжер ақпаратты жаппай таратуға қатысты функционалдығын кеңейте бастаса», Ресей Федерациясындағы жұмысына қатысты өз ұстанымын «қайта қарауы» мүмкін екенін айтты.

Федерация кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Виктор Бондарев WhatsApp-та арналардың пайда болуы «Ресей азаматтарының ақпараттық қауіпсіздігіне» қауіп төндіретінін айтты.

Сенатор Украинадағы соғыс пен Ресей армиясы туралы мессенджерде «жалған ақпар таралады» деп алаңдайды. 

Мемлекеттік Думаның ақпараттық саясат жөніндегі комитетінің төрағасы Александр Хинштейн де арналардың іске қосылуына байланысты WhatsApp-қа деген көзқарасты «тіпті бұғаттау деңгейіне дейін» қайта қарауды ұсынды.

Роскомнадзордың айтуынша, WhatsApp-та «тыйым салынған ақпарат» бар арналардың пайда болуы «оларды жою талабына, ал егер бас тартылса, бұғаттауға» әкеледі.

whatsapp Ресей бұғаттау

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!