Мир14 сентября 2023, 12:00

Ресей ДСМ министрінің орынбасарын Дания кіргізбей қойды

Ресей Денсалық сақтау министрінің орынбасарын Дания кіргізбей қойды, - деп хабарлайды Arbat.media

Копенгагендегі Каструп әуежайына келген Олег Салагайға Данияға кіруге тыйым салынды, деп хабарлады Даниядағы Ресей елшілігі.

Шенеунік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) аймақтық отырысына қатыспақ болған, деп хабарлайды елшілік.

Ресей Федерациясы бұл оқиғаны Дания билігінің «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше елдердің, соның ішінде Ресейдің ресми өкілдерінің Даниядағы іс-шараларға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін» бұзуы ретінде қарастырды.

Елшілік оқиғаға байланысты Дания билігінен түсініктеме және кешірім сұрауды талап етеді», - делінген елшіліктің Telegram аккаунтында.

 

Олег Салагай Дания Денсаулық сақтау минитрі Елшілік

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!