Ресей Даниядағы консулдығын жапты
Ресей Даниядағы консулдығын жапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
6 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясының Копенгагендегі консулдығы Ресей азаматтарынан төлқұжат беру, нотариаттық іс-әрекеттер жасау және виза беру туралы өтініш қабылдауды тоқтатады. Тек бұрын қабылданған құжаттар қарастырылады.
Консулдық жұмысының тоқтатылуына Ресей билігі «Дания билігінің Даниядағы ресейлік дипломатиялық қызметкерлерінің санын қысқарту туралы бұрын-соңды болмаған шешімі» деп атады.
1 қыркүйекте Дания Сыртқы істер министрлігі Ресей елшілігінің штатын бес консулдық және 20 техникалық қызметкермен шектеп, ресейлік дипломаттарды елден шығарып жіберетінін жариялап, мұны Мәскеудегі Дания елшілігінің штат санына сәйкес келу қажеттілігімен түсіндірді.
Бұған дейін Дания ресейліктерге туристік виза беруді қысқартпақшы екені белгілі болған еді. Осылайша ел билігі отандастардың Шенген аймағына кіруіне шектеу қоюға тырысуда.