Placeholder
Rosas/eyepix/Zuma/picture
Мир29 августа 2023, 15:15

Rammstein вокалисінің сексуалдық әрекетіне қатысты тергеу тоқтатылды

Сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетуге байланысты Rammstein тобының әншісі Тилл Линдеманға қарсы тергеу тоқтатылды,  – деп хабарлайды Arbat.media.

 Бұл мәліметті Берлин прокуратурасы Berliner Zeitung газетіне растап берді. Басылым басқа мәліметтерді бермеді.

Тергеу полиция мен прокуратураға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетуге байланысты екі өтініштің арқасында басталған болатын.

 Бұған дейін NDR және Süddeutsche Zeitung оннан астам әйел Тилл Линдеманнды айыптап келгенін хабарлаған болатын.

 Олар вокалисттің құрметіне концерттен кейін арнайы ұйымдастырылған кештерге шақырғанын айтады.

Кейбіреулері әртістің тарапынан көрсетілген сексуалдық әрекеттер туралы да хабарлаған, бірақ шақырған қыз-келіншектер оның «ұсынысынан» бас тартып, келісім бермеген.

 

Rammstein Тилл Линдеман сот Тергеу

Новости по теме