Мир21 сентября 2023, 14:30

"Қылмыскермен бірге отырмыз". БҰҰ-да Еуропалық кеңес төрағасы Ресейге қатал сөйледі

"Қылмыскер дәл осы бөлмеде отыр, біз бәріміз оған куәміз" - деп, БҰҰ-да Еуропалық кеңес төрағасы Ресейге қатал сөйледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Саясаткер Шарль Мишель өз сөзінің жазбасын X әлеуметтік желісіндегі микроблогында жариялады.

"Украина — қылмыс жасалып жатқан жер. Қылмыскер дәл осы бөлмеде отыр. Кім екенін білесіздер. Біз бәріміз куәміз", - деп жазды Шарльз Мишель Ресей Федерациясының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысында сөйлеген сөзі мен үндеуіне сілтеме жасай отырып. 

Еуропалық кеңес басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау үшін агрессияға «жол жоқ» деп айту үшін құрылғанын атап өтті.

«Кремль бұрынғы Ресей империясын қалпына келтіруді армандайды, - деді Мишель, - Украинадан кейін келесі кім болады?

Шарль Мишель БҰҰ Европалық кеңес төрағасы Ресей

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!