ҚХДР ядролық қарулы сүңгуір қайығын суға жіберді
Солтүстік Корея тактикалық ядролық қарумен жабдықталған атомдық сүңгуір қайығын суға жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media Euronews-ке сілтеме жасап.
Жаңа сүңгуір қайық сәрсенбі күні Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын қатысқан іс-шарада таныстырылыпты.
Оның айтуынша, «бұл – келешекте ядролық қаруды қарқынды дамытудың бір бөлігі».
№ 841 сүңгуір қайыққа аталған елдің қаһарманы Ким Кун Октың есімі берілген.
Ким Чен Ын КХДР суасты қайықтарды ядролық қарумен жабдықталған әскери кемеге айналдыратынын айтты.
Солтүстік Кореяда 64-тен 86-ға дейін суасты қайығы бар. Ол – әлемдегі ең ірі суасты флоттарының бірі. Дегенмен сарапшылар сүңгуір қайықтардың жылын ескере отырып, олардың бәрі жұмыс істейтініне күмәнмен қарайды, - деп ерек келтіреді Nuclear Threat Initiative Америка аналитикалық орталығы.