Мир16 июня 2023, 22:01

Qazaqstan Barysy Grand Slam финалына екі отандасымыз жолдама алды

Астанада дзюдодан басталған Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің финалына екі қазақстандық спортшы шықты, деп хабарлайды Arbat.media 

Ұлттық құрама сапынан 60 келіде күрескен бақ сынайтын Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуінде Әзербайжан спортшысы Назир Талибовты ұтып, екінші айналымда өзбекстандық спортшы Бахром Ботуровты иппон ұпайымен жеңді. Сонымен бірге,, жартылай финалда тәжікстандық Мерзод Суфиевті сан соқтырды. Енді отандасымыз финалдық сында Мағжан Шамшадин франциялық Седрик Револмен өзара мықтыны анықтайды. 

Ал тағы бір қазақстандық дзюдо шебері Ғұсман Қырғызбаев 66 келіге дейін салмақта әлем чемпионы Яго Абуладзе алып соқты. Ол осылайша өзінің байырғы қарсыласында кеткен есені қайтарды. Оның келесі қарсыласы Нармандах Баянмунхты (БАӘ) жеңді. Отандасымыз бүгін сында финалда алтын үшін күреседі. 

Бұған Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынованың қатыспайтыны белгілі болды. Қос спортшының аталған сыннан тыс қалуына жарақаттары себеп болған. 

Qazaqstan Barysy Grand Slam Дзюдо Астана

Новости по теме