Мир29 августа 2023, 20:59

Пригожинмен қоштасу жабық форматта өтті

Баспасөз қызметі Евгений Пригожинмен қоштасу жабық форматта өткенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қоштасқысы келетіндер Санкт-Петербордағы Порохов зиратына баруға болады», - делінген хабарламада.

MSK1.RU басылымы Пригожиннің Мәскеу уақытымен, шамамен 16.00-де Порохов зиратында жерленгенін жазады.

Бұған дейін Пригожинді Санкт-Петерборда 29 немесе 30 тамызда жерлеуі мүмкін деп хабарланған. «Фонтанка» басылымы кейбір дереккөзге сілтеме жасай отырып, алдымен Серафим, содан кейін Богослов зиратында жерленеді деп атады.

Северное және Серафим зираттарында гүл шоқтары бар топ адамдар көрінді, олардың кейбіреуі әскери киім киген немесе «Вагнер» ЖӘК-на тән нышандары бейнеленген қалпақ кигендер жүр деп айтылған болатын.


"

Евгений Пригожин жерлеу Зират Санкт-Петербург

Новости по теме