Placeholder
Фото: скрин видео
Мир12 сентября 2023, 13:56

Португалия көшесінде ызыл шарап сай-саладан ағып жатыр

Португалияда қызыл шарап көшеде, сай-саладан өзендей ақты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Апат Анадиядағы Дестилариа Левирада болған, жексенбі күні ондағы екі шарап цистернасы жарылған.

Компания залал үшін жауапкершілікті өз мойнына алды және тазалауға жабдықтар мен жұмысшыларды жіберді.

Ал тұрғындарға шығын орнын толтыру үшін зардап шеккеннің фото-видеосын жіберуге шақырылды.

Жарылыстың себебі әлі белгісіз.

Қала әкімдігі шараптың өзенге түсуіне жол бермей, сол арқылы экологиялық апаттың алдын алғанын айтып отыр.
Ерікті өрт сөндірушілер шарапты сүзіп алып, тазарту қондырғысына жеткізді.
Кеңестің вице-президенті жергілікті тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпегенімен, билік экономикалық шығынға қатты алаңдап отырғанын айтты.

Интернетте тұрғындар бұл оқиғаға әзілдеп, таза ауада түскі ас ішу үшін ірімшік пен бір стақан шарап алуға кеңес беруде. 

Португалия қызыл шарап Анадия Апат

Новости по теме