Польша Ресей нөмірі бар көліктерге шекараны жауып тастады
Польша Ресей нөмірі бар көліктерге шекараны жауып тастады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тыйым 17 қыркүйекте түн ортасынан басталады, деді Польша ішкі істер министрі Мариуш Каминьски.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктерді «басқа елдердің» азаматы жүргізсе де, Польшаға кіргізбейді.
Осылайша, қазіргі уақытта Ресей Федерациясынан автокөліктердің кіруіне тыйым салмаған ЕО-ның Ресеймен шектесетін жалғыз елі Норвегия.
Алайда көрші Финляндия билігі Ресей Федерациясында тіркелген көліктерді Норвегия-Финляндия шекарасынан өткізбейтінін бұған дейін де мәлімдеген.
Поделиться
Читать Arbat media в