Пашинян Таулы Қарабақ босқындарын Арменияға қабылдайды
Пашинян Таулы Қарабақтан келген босқындардың барлығын Арменияға қабылдауға уәде берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Никол Пашинян видео үндеу жасап, Армения қатысқан сыртқы қауіпсіздік жүйелерін сынап, олар Ереванның қауіпсіздігі мен мемлекеттік мүддесін қорғауда тиімсіз екенін айтты.
Армения премьер-министрі Таулы Қарабақтағы армяндар «этникалық тазарту қаупімен бетпе-бет келіп отыр» деді.
Ол бұл жағдайға жауапкершілікті Әзірбайжан мен ресейлік бітімгершілік күштеріне жүктеді.
«Соңғы жылдары бізде болып жатқан оқиғалардың терең мағынасы мынада: Армения егемен, еркін, демократиялық ел бола ма, әлде үрейленген провинция бола ма», - деді Пашинян.
Оның айтуынша, Армения Таулы Қарабақтан келген барлық босқынды қабылдауға дайын.
Бұған дейін жергілікті билік Таулы Қарабақтағы 120 мыңға жуық этникалық армян Әзірбайжан құрамында өмір сүргісі келмейтінін және аймақты тастап кетуі әбден мүмкін екенін айтқан.