Мир31 августа 2023, 19:57

Парижде электрсамокаттарға тыйым салынды

1 қыркүйектен бастап, Париж көшелерінде жалға берілетін электрсамокаттарға тыйым салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл шешімді сәуірдегі дауыс беру нәтижесіне сай шығарды, дейді Euronews.

Осындай қатаң шара қабылдаған Париж алғашқы еуропалық қала. Тұрғындар электрсамокат жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретінін, апат туғызатынын айтып шағымданған. Париждіктердің 90%-ы электр самокаттарға тыйым салуды қолдап, дауыс берген.
Электрсамокаттың кесірінен 2022 жылы жол-көлік оқиғасынан 456 адам зардап шегіп, үшеуі қаза тауыпты.

Сөйтіп 1 қыркүйектен Парижде жеке компаниялар жалға ұсынатын электрсамокаттар болмайды.

 «Өткен жексенбіде самокатты тастай бастадық. Ол шамамен 5000 болды. Алайда бірнеше мың велосипед қалады. Күніне 400-ден 500-ге дейін скутерді кешкі оннан таңғы алтыға дейін алып кетіп жатыр, оған арнайы қызметкерлерді бөлдік», - деді Франциядағы Tier бөлімшесінің басшысы Клеман Петте.

 

Париж электрсамокат тыйым салу қыркүйек

Новости по теме