Мир30 сентября 2023, 10:05

Пәкістанда жанкешті ұйымдастырған жарылыстан 50 адам қаза тапты

Пәкістанда жанкешті лаңкестің шабуылынан 50 адам мерт болып, ондаған тұрғын зардап шекті, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы BBC News басылымы хабарлайды.

Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы мешіт маңында адамдар Мұхаммед пайғамбардың туған күнін тойлауға шыққан кезде жарылыс болған.

жергілікті билік өтенше жағдай жариялады. Ешбір топ шабуылды өз мойнына алған жоқ.

Көп уақт өтпей, Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Пешавар қаласына жақын жердегі мешітте тағы бір жарылыс болды.

Пешаварға жақын маңдағы Хангу мешітінде болған жарылыстан құрбан болғандар саны әзірге белгісіз. Бірақ полицияның хабарлауынша, бірнеше адам шатыр құлағаннан кейін үйінді астында қалған болуы мүмкін.

Белуджистан полициясының басшысы Абдул Халик Шейх жарылыс жанкешті лаңкестің шабуылынан  болғанын растады. Ол шабуылдаушыны тоқтатпақ болған кезде полиция аға офицері мерт болған деді.

Пәкістан Жарылыс жанкешті

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!