Мир28 августа 2023, 11:23

Оқушы қыздарға мұсылман көйлегін киюге тыйым салынады — Франция

Франция елінде оқушы қыздарға бүкіл денені жауып тұратын — абайя көйлегін киюге тыйым салынады, деп хабарлайды Arbat.media.

Францияның білім министрі Габриэль Атталь осылай мәлімдеді делінген DW сілтемесінде.

Білім министрі келер аптада мектеп директорларымен бұл тыйымды қалай іске асыруды талқылаймын деді.

Аталмыш ереже 4 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп күтілуде.

Аттальдың бұл бастамасын Республикалық партияның жетекшісі Эрик Чиотти қолдады.

Бруно Бобкевич, SNPDEN Директорлар одағының бас хатшысы те мектеп басшыларына нақты нұсқау берілетінін жақтады.

Әлеуметтік желілерде кәсіподақ бұны «нақты әрі батыл» деп отыр.

Ал бұл шешімді «Жеңілмеген Франция» солшыл партиясы (LFI) «конституцияға қайшы» деп атады.

Француздар елінде «абайяны діни киім деп санауға бола ма?» деген талқылау бірнеше айға созылған.

Бір қызығы, Француз мұсылман сенімі кеңесі (CFCM) көйлек ресми түрде олай саналмайды дейді.

Франция елінің жаңалықтары мектептерде тыйым салынған дәстүрлі мұсылман киімінің орнына абайя кию жиілеп кеткенін айтады.

Кез келген діни рәміз тағып, киім киюге тыйым салынған білім ошақтарындағы зайырлылық пен көрнекті діни рәміздер туралы заң бұл елде 2004 жылы қабылданыпты.

 

 

Франция абайя тыйым Оқушылар

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!