Мир1 июля 2023, 19:44

Оңтүстік Америкада тасқын су Аргентина мен Чили арасындағы байланысты үзді

Оңтүстік Америка құрлығындағы су тасқыны салдарынан Чили мен Аргентина шекарасында 2 мыңға жуық жүк көлігі тұрып қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Тасқын су екі елді байланыстыратын тас жолды қиратып, жүргізушілердің кейбірі, тіпті, бірнеше тәулік күтуге мәжбүр болып отыр. Ал жергілікті билік шекара қайта ашылғанға дейін кемі әлі бір апта уақыт қажет екендігін айтып, бейқам қозғалуда.

Өткен аптадан бері Чилидің оңтүстік және орталық аймақтарына нөсер жауып тұр. Соның салдарынан тұрғын үйлер мен жолдарға зақым келіп, көптеген адамдар зардап шекті. Табиғат апатынан әзірге қайтыс болғандар туралы дерек жоқ. 

Чили Аргентина Апат

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!