Мир27 сентября 2023, 14:30

Музейдегі картиналарды ауыстырып, түпнұсқасын аукционға сатқан

Германияда Мюнхен қаласындағы музей қызметкері коллекциядағы бірнеше картинаны жалғанға ауыстырып, түпнұсқасын аукционға қойғанын мойындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

   Бұл туралы DW хабарлады.

Мюнхен округінің соты 30 жастағы ер адамды мәдени құндылықтардың үшеуін сатып, біреуін сатуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танып, оны бір жыл тоғыз айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ сот айыпталушыдан 60 мың еуродан астам өтемақы өндіріп алды.

Барлық картинаны сату үшін айыпталушы 60 617 еуро алған.

Ол бұл ақшаны қарыздарын өтеуге және сәнді өмір сүруіне жұмсаған. 

Мюнхен Музей аукцион айыпталушы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!