Мир26 сентября 2023, 13:10

«Коза Ностра» мафиясының жетекшісі қайтыс болды

Италияда ұзақ жыл іздеуде жүріп, қаңтарда ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Маттео Мессина Денаро қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  Анадолы агенттігі хабарлайды. 

Италияның ANSA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Сицилия аралында жұмыс істейтін «Коса Ностра» мафия тобының «үлкен басшысы», бірқатар қырғынды ұйымдастырушы ретінде танымал Денаро Аквила қаласындағы түрме ауруханасында көз жұмған. Ол сол жерде тоқ ішек қатерлі ісігі диагнозынан емделген.

Ұзақ жылдар бойы полициядан қашып жүрген Денаро 16 қаңтарда елдің оңтүстігіндегі Палермода медициналық көмекке жүгінген кезде ұсталған. Оның қамауға алынуы елде үлкен шу тудырды. Ұсталғаннан кейін Аквиладағы қатаң режимдегі түрмеге қамалып, жабық сол жерде емделген. Өткен демалыс күндері баспасөзде оның «комаға түскені» айтылған.

Соңғы 30 жылдағы ауқымды қылмыстық оқиғаларға, соның ішінде мафияға қарсы күресінің арқасында елдің символына айналған атақты судьялар Джованни Фальконе мен Паоло Борселлиноны өлтірді деп айыпталған.

Тергеушілердің айтуынша, Денароның 1993 жылы Милан, Флоренция және Римде болған лаңкестік әрекеттерге де қатысы бар.

Италия коза ностра қайтыс болды Маттео Мессина Денаро

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!