Кибершабуылдан Германия 200 миллиард еуродан астам шығынға ұшыраған
Кибершабуылдар салдарынан Германия экономикасы 200 миллиард еуродан астам шығынға ұшырады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Bitkom IT қауымдастығы жүргізген неміс кәсіпкерлерінің сауалнамасына сәйкес, деректерді ұрлау, цифрлық және аналогтық өнеркәсіптік тыңшылық нәтижесінде Германия экономикасы тек 2022 жылы 206 миллиард еуро жоғалтқан.
Кибершабуылдардың басым бөлігі Ресей мен Қытайдан жасалған: кәсіпорындардың 46%-ы Ресей Федерациясының, 42%-ы Қытайдың шабуылдарынан зардап шекті. Сауалнамаға қатысқан он неміс фирмасының алтауы неміс қауіпсіздік күштері шетелден келетін кибершабуылдарға қарсы дәрменсіз деп санайды. Конституцияны қорғау жөніндегі федералдық кеңсе басшысының орынбасары Зинан Зелен хакерлердің агрессивті, кәсіби және айлакер болып бара жатқанын атап өтті.