Placeholder
Мир30 августа 2023, 19:22

Канадада BА.2.86 коронавирус мутациясын жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Канадада омикрон штамының қатты мутацияланған нұсқасы — коронавирус инфекциясының BA.2.86 жұқтырған бірінші дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Arbat.media.  

 Reuters сілтемесінде кейінгі кезде провинциядан шықпаған британдық Колумбия тұрғыны вирус штамын жұқтырғанын жергілікті билік хабарлады дейді.

«BA.2.86 штамының Канада мен провинцияда пайда болуы таңғаларлық жағдай емес, себебі COVID-19 әлі де бүкіл әлемге таралып, бейімделіп жатыр. Шілдеде Данияда алғаш рет табылған BA.2.86 нұсқасы 2023 жылы басым болған ХВВ.1.5 коронавирус нұсқасымен салыстырғанда, вирустың негізгі бөліктерінде 35-тен астам мутацияны қамтиды».

Израиль, Швейцария, АҚШ-та да вирустың жаңа штамын жұқтырған. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары BA.2.86 нұсқасы бұрын COVID-19 жұқтырған немесе вакцина алған адамдарда инфекция тудыруы мүмкіндігін айтып отыр.

BA.2.86 бақылауға алынған, бірақ әлемде вакциналау мен алдыңғы инфекция арқылы қалыптасқан иммун қорғанысын ескерсек, жаңа нұсқа ауыр дертке және өлімге әкелуі екіталай, - деп айтып отыр ғалымдар.

Соңғы апталарда COVID жұқтыру артып отыр дейді Канаданың денсаулық сақтау мекемелері.

 

BA.2.86 коронавирус Канада Мутация

Новости по теме