Мир15 сентября 2023, 11:30

Илон Маск Мәскеуде екі стақан арақтан есінен танып қалыпты

Илон Маск Мәскеуде бір-екі стакан арақ ішкеннен кейін есінен танып қалыпты, - деп хабарлайды Arbat.media.

SpaceX негізін қалаушы Илон Маск 2002 жылы Мәскеудегі іскерлік кездесуде бірнеше стакан арақ ішкеннен кейін есінен танып қалғанын айтып берді, деп жазады Business Insider.

Бұл туралы кәсіпкер 12 қыркүйекте шыққан Уолтер Айзексонның «Илон Маск» атты жаңа өмірбаян кітабында жазды.

2002 жылы Маск Марсқа миссияны ұшырып, онда өсімдіктер өсіруді жоспарлаған. Оның "Марс оазисі" деп аталатын бірінші жоспары ғарышқа жылыжай жіберуді қамтыды.
Маск Мәскеуге осы мақсатта бірнеше ресейлік зымыран тасығыштарын сатып алуға келген.
Серіктестерімен бизнес-ланч кезінде кәсіпкерге шағын жеңіл тағамдар мен көп мөлшерде арақ ұсынылыпты. Сондай-ақ, дастарханнан кейін кәсіпкер мен оның әріптестеріне Марста тұрған әрқайсысының суреті салынған бір-бір бөтелке арақ сыйға тартылыпты. 
Маск тамақ пен арақтың мөлшерін бағалап, ол шамамен бірдей болып шыққан. 
Бірнеше тост айтқаннан кейін, ол басын қолымен сүйеп тұрған жерінде есінен танып қалып құлап, басын үстелге соғып алған.
Осыдан кейін Маск ресейліктерге керемет әсер қалдырмағанын мойындады, делінген кітапта.

Илон Маск Арақ ішу Мәскеу өмірбаян

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!