Йенс Столтенберг: Украина НАТО-ға бұрынғыдан да жақын
Йенс Столтенберг Киевте «Украина НАТО-ға бұрынғыдан да жақын» деді, - деп хабарлайды Arbat.media.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Киевтегі келіссөздерден кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.
Ол, атап айтқанда, НАТО-ның қару өндірушілермен 2,4 миллиард еуроны құрайтын келісімшарттары туралы айтты.
Столтенбергтің айтуынша, бұл одақ елдеріне өз қорларын толықтырып, Украинаны оқ-дәрімен қамтамасыз етуді жалғастыруға мүмкіндік береді.
Столтенберг сонымен қатар Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылының сәттілігін атап өтті.
"Украина әскерлері қиян-кескі ұрыспен бетпе-бет келіп отыр, бірақ бірте-бірте алға жылжуда. Украин әскерлері қайтарып алған әрбір метр Ресей жоғалтқан метр... Мәскеу империалистік адасушылығы үшін күресіп жатыр", - деді НАТО бас хатшысы.