Голливуд сценаришілері келісімге келді
Голливуд сценарийшілері студиялармен келісімге келгенін жариялап, олардың жұмысқа қайта оралуына мүмкіндік берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Еuronews хабарлайды.
«Бұл оларды қорғайтын ерекше келісім және барлық саладағы кәсіподақ сценарийшілері үшін маңызды жетістік екенін мақтанышпен айта аламыз», – делінген Голливуд сценаришілері одағының (WGA) хатында.
Хатта келісімнің егжей-тегжейі айтылмағанымен, пысықталып жатқаны және түпкілікті шешімді WGA мүшелері қабылдайтыны жазылған.
«Гильдия нақты рұқсат бермейінше, ешкім жұмысқа оралмауы тиіс. Біз ереуілді жалғастырамыз, бірақ бүгіннен бастап WGA пикеттерін тоқтатамыз», - деп түсіндірді кәсіподақтан.
Айта кетсек, бес ай бойғы ереуіл киноиндустрияға біраз нұқсан келтірген.
Поделиться
Читать Arbat media в