Мир5 сентября 2023, 12:09

Генерал Суровикин Пригожин көтерілісінен кейін алғаш рет көшеге шықты

Генерал Суровикин Пригожин көтерілісінен кейін алғаш рет халықтың алдына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның суретін Ксения Собчак өзінің Telegram арнасында «тірі, аман-сау, отбасымен, Мәскеуде» деg жариялады.

Тамыз айының соңында Сергей Суровикиннің «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» РФ Әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Пригожин көтерілісі басталғаннан кейін ол көпшілікке көрінуді тоқтатты, кейбір БАҚ оның ұсталғанын хабарлаған болатын.

Сергей Суровикин ӘҒК бас қолбасшысы болып 2017 жылдың қазан айында тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Сириядағы орыс тобын басқарған, сонымен қатар Шығыс әскери округінің қолбасшысы болған.

 

Суровикин Пригожин Ксения Собчак

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!