Эстония премьер-министрі күйеуінің Ресейде жұмыс істейтін фирмасы үшін кешірім сұрады
Эстония премьер-министрі Кая Каллас күйеуінің компаниясы Ресейде жұмыс істейтіні үшін кешірім сұрады, бірақ өзі отставкаға кетпейтінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Ресейде әрекет ету немесе Ресеймен қарым-қатынасты сақтау» кең ауқымды соғыс кезінде «моральдық тұрғыдан дұрыс емес» деді. «Мұны тоқтату керек және мен барлық эстониялық бизнесті соған шақырамын», - деді Кая Каллас.
Каллас күйеуі Арво Халлик компаниядағы өз үлесін «бутербродтың бағасына» сатты деп сендірді. Бұл ретте ол ERR арнасына берген сұхбатында «бұл журналистерге қатысы жоқ» деп нақты шығынды атаудан бас тартты.
Каллас жанжалы өткен аптада туындаған. Эстониялық БАҚ жартылай Халликке тиесілі Stark Logistics көлік компаниясы Украинадағы соғыс кезінде Ресейге тасымалдауды жалғастырып жатқанын хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Каллас өз компаниясына 350 000 еуро несие беріп, күйеуінің бизнесіне қаржы салған.
Соғыс басталғаннан кейін Каллас Мәскеумен қарым-қатынасты толығымен үзуді көпшілік алдында қолдап, ресейліктерге Шенген визасын беруді тоқтатуға шақырып, «Еуропаға бару құқық емес, мәртебе» деген болатын.