Placeholder
Maria Katamadze/DW
Мир22 сентября 2023, 15:57

Еревандағы наразылық білдірушілер "Сатқын" деп ұрандатып жатыр

Еревандағы наразылық білдірушілер «Сатқын», «Никол — жау» деп ұрандатып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Армения астанасында Таулы Қарабақтағы жағдайға арналған үкімет отырысы өтіп жатыр.

Ғимарат терезесінің астына жиналғандар көбейіп барады, ал кіреберісті үш қатар полиция күзетіп отыр.

Премьер-министр Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы жағдайдың оң өзгерістері және жергілікті тұрғындардың үйіне оралу мүмкіндігі туралы хабарлады.

Сонымен бірге ол, егер өз Отанында тұру мүмкін болмаса, мойындалмаған республика тұрғындарын Арменияға қабылдауға болатынын айтты.

Армения Ереван Наразылық Никол Пашинян

Новости по теме