Мир20 сентября 2023, 12:30

Ереванда Қарабақтағы жағдайға байланысты полициямен қақтығыс болды

Ереванда Қарабақтағы жағдайға байланысты полициямен қақтығыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ереванның орталығына жиналған жүздеген адам үкіметтің Таулы Қарабақтағы жағдайға араласуын талап етті.

Кейін тәртіп сақшыларымен қақтығысты.
 
Шерушілер полиция қоршауын бұзып өтіп, үкімет ғимаратына кірмекші болды.

Полиция қызметкерлері мен терезелерге тас пен пластик бөтелке лақтырған.

Полиция дыбыс шығаратын шулы граната қолданған.

Ал Таулы Қарабақтағы қаза тапқандар саны 25-ке жеткен. 

Бұл туралы мойындалмаған республиканың омбудсмені Гегам Степанян мәлімдеп, олардың екеуі бейбіт тұрғын екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Әзірбайжан Таулы Қарабақта соғыс қимылдарын бастағаннан кейін 138 адам жараланған, оның 29-ы бейбіт тұрғын.

Ереван қақтығыстар Қарабақ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!