ЕО Украинаның оккупацияланған аумақтарындағы «сайлауды» айыптады
ЕО Украинаның оккупацияланған аумақтарындағы «сайлауды» айыптады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қырымдағы, Севастопольдегі, Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарының бір бөлігіндегі сайлаулар «Ресейдің өзінің заңсыз әскери бақылауын қалыпқа келтіру және Украина территорияларының бір бөлігін аннексиялау әрекеті» дегп мәлімдеді ЕО өкілі ресми хатында.
ЕО Ресейдің саяси басшылығына және «сайлауды» ұйымдастыруға қатысқандарға «соның салдары» болады деп уәде берді.
ЕО, сондай-ақ, Ресей төлқұжатын заңсыз және мәжбүрлеп бергенін, Украинаның басып алынған бөліктерінің тұрғындарын депортациялаған және үркітіп-қорқытқанын да атап өтті.
Поделиться
Читать Arbat media в