Мир7 сентября 2023, 18:10

ЕО Ресей активтерінен түсетін пайдаға салынатын салықты талқылап жатыр

ЕО Ресей Федерациясының активтерінен түсетін пайдаға салынатын салықты талқылап жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол шамамен 3 миллиард еуро артық пайда әкеледі екен.  

Еурокомиссия Ресей Орталық банкінің бұғатталған активтеріне салық салып, оны Украинаға көмекке жіберу үшін ЕО бюджетіне аударуды жоспарлап отыр.

Жоспарды ЕО-ға мүше 27 елдің барлығы мақұлдауы керек.

Ал оның кейбірі ресейлік активтерді шығару еуроаймақтың инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне әкеледі деп қауіптенеді. Балтық жағалауы елдері мен Польша Ресей Федерациясының бұғатталған қаражатын толығымен тәркілеуді талап етуде.

Еуроодақ Активтер салық Ресей

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!