Мир9 сентября 2023, 14:00

Чарльз Мишель:Ресейдің Африкаға 1 млн тонна астық жеткізу ұсынысы — арсыздық

Еуропалық кеңес басшысы Чарльз Мишель Ресейдің Африка елдеріне 1 миллион тонна астық жеткізу туралы ұсынысын «арсыздық» деп атады, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Бүкіл әлемде 250 миллионнан астам адам азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Украина порттарына қасақана шабуыл жасау арқылы Кремль оларды өте қажет азық-түліктен айыруда", - деді Еуропалық кеңес басшысы Үндістанда 9-10 қыркүйекке жоспарланғанG-20 көшбасшыларының кездесуі алдында. 

Ресей Федерациясының астық мәмілесін үзгеннен кейін Украина порттарына тосқауыл қоюы және оларға шабуыл жасауы «масқара» және Мәскеудің Африкаға 1 миллион тонна астық жеткізу туралы ұсынысы —«арсыздық».

БҰҰ аясында Кремль үзген астық мәмілесі арқасында нарықтарға 30-32 миллион тонна астық жеткізуге мүмкіндік туды, «әсіресе дамушы елдерге» және ЕО ұсынатын ынтымақтастық дәліздері арқылы, «бүгінгі таңда 41 миллион тонна астық жеткізілді»,- деген Еуропалық кеңес басшысы, Ресей Федерациясын Украина порттарындағы қоршауын алып тастауға шақырды.

 

Чарльз Мишель Ресей астық Африка

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!