БҰҰ комиссиясы: Ресей Украинада азаптауды жүйелі түрде қолданады
Ресей армиясы Украинада азаптауды жаппай және жүйелі түрде қолданады деген қорытындыға Украинадағы құқық бұзушылықтарды тексеру жөніндегі тәуелсіз халықаралық комиссия келді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ұсталғандар отырған қамау орындарын зерттелген. Сондай-ақ комиссия басшысы Эрик Мосенің айтуынша, Ресей әскерилері Украинада қасақана өлтіру, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасау, заңсыз түрмеге жабу, зорлау және депортациялау сияқты бірқатар ауыр қылмыс жасаған.
2022 жылдың наурызында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Украинадағы құқық бұзушылықтарды зерттейтін тәуелсіз халықаралық комиссия құрды.
Оның жинаған қылмыстары туралы айғақтарды алдағы сот істерінде пайдалануы мүмкін.
Поделиться
Читать Arbat media в